история казахстана 7 класс


s1. Түрік қағанаты (552-603)

Түрік қағанаты жеріміздегі ірге тепкен алғашқы феодалдық мемлекеттердің бірі.

Теле-түрік тілдес тайпалардың ортақ атауы.

Қытай шежіресі бойынша «теле» сөзінен «түрік» атауы қалыптасқан.

Түрік қағанатының құрамына 30-дан аса теле тайпасы енген.

545 жылы түрік қолбасшысына қытай елшісі келіп, көп ұзамай екі ел арасында бейбіт қарым-қатынас орнайды.

552 жылы Жужан қағандығы тас-талқаны шығып, жеңіліске ұшырайды. (Жужан қағаны Анағұй)

Осы жеңістен кейін Бумын қаған «елхан» деген атақ алады.

Жужандарды жеңген соң Бумын Түрік қағанатының билеушісі болды.

Бумынның орнына баласы Қара-Еске қаған болады.

Оның бастауымен түріктер Букрат тауларында аварларды екінші рет жеңеді.

552-554 жылдары Қара-ескенің інісі Мұқан қағанның кезінде жужандар мүлде қайтып бас көтерместей болып жеңілді.

Қытай елінің билеушілері Мұқан қағанға қымбат бағалы сый-сияпат жасап, өз жақтарына тартуға әрекет жасайды.

Мұқан қаған тұсында қытай билеушілері түріктерге 100 мың тең жібек матасын төлеп отырған.

Мұқан қаза болғаннан кейін оның орнына Тобо қаған отырды.

563-567 жылдары эфталиттерді жаулап алады.

VI ғасырдың 70 жылдарында Түрік қағанаты Солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің солтүстік жағалауына дейін үстемдік етті.

Қағанат халқы негізінен көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты.

Түріктер жерлеу рәсімінен ең алғашқы кезеңдерде мәйітті отқа өртеп, оның күлін қойғаны байқалады.

Түріктердің отқа табыну салты түрік қағанына Византия елшісі Земархты жанып тұрған оттың арасынан өткізіп барып кіргізуінен көрінді.

581 жылы қағанаттың өз ішінде соғыстар басталады.

603 жылы Батыс және Шығыс Түрік қағанаты болып екіге бөлінеді.

s2. Батыс Түрік қағанаты (603-704)

Батыс Түрік қағанатының орталығы Шу өзенінің бойындағы Суяб қаласы болды.

Батыс Түрік қағанатының жазғы ордасы (қазіргі Жамбыл облысының жеріндегі) Мыңбұлақта орналасты.

Алғашқы кезде қағандықты Тардуш(Дато) қаған басқарған.

Шегу (610-618)

Тон (618-630)

Шегу қаған Қағанаттың шығыстағы шекарасын Алтайға дейін, ал батыстағы шекарасын Тарым өзені мен Памир тауларына дейін жеткізді.

Тон қаған салық жинауға жергілікті адамдарды бекітіп, оларға «селиф» деген атақ берді.

Селифтер жасауылдарға есеп беріп отырды.

Тон қаған 627 жылы Византияға көмек беру үшін өзінің қалың қолын аттандырды.

Батыс Түрік қағанатында 630 жылдардан бастап билік үшін талас тартыстар басталды.

634 жылы нушеби тайпасының қолдауымен Ешбар Елтеріс қаған билікті өз қолына алды.

Батыс Түрік қағанатында Ешбар Елтеріс қаған «он тайпа» — «он-оқ бұдун» жүйесін енгізеді.

«Бұдун» сөзі ел, халық деген ұғымды білдіреді.

Дулулар мен нушебилер арасындағы 640-657 жылдардағы ұзақ уақытқа созылған тартыс қағандықты мүлде тұралатады.

Қытай мемлекеті 659 жылы Жетісуға басып кіреді.

704 жылы Үшлік қытайлармен күресте жеңіске жетеді.

Шығыс Түрік қағандығы (682-744)

Шығыс Түрік қағанатының алғашқы қағаны Елтеріс атанған Құтлық.

Білге қағаннан кейін 741 жылдан қағанат әлсіреп, ыдырай бастады.

Қағанаттағы ябғу, шад, елтебер сияқты атақтар қаған руынан шыққан ақсүйектер өкілдерінің қолдарында болған.

Сот істерін бұрықтар мен тархандар атқарған.

Қарапайым халықты «қара бұдундар» деп атаған.

«Тат» сөзі «құл» деген мағынаны білдіреді.

s3. Түргеш қағанаты (704-756)

Орталығы Суяб қаласы болды.

Үлкен ордасы Суяб қаласы.

Кіші ордасы Іле өзені бойындағы Күңгіт қаласында болды.

Қағанат 20 әкімшілік аймаққа бөлінді.

Үшлік қаған 706 жылы қаза болды.

Сұлу қаған (715-738)

Сұлу қаған орданы Талас (Тараз) қаласына көшіреді.

Сұлу қағанға өз қағандығының тәуелсіздігін ұстап отыру үшін үш жақты күрес жүргізуге тура келді.

Сұлу қағанның 717 жылы Тан империясына барып қайтуы сәтті сапар болды.

Сұлу қаған 737 жылы қарлұқтармен бірлесе отырып, арабтарға ойсырата соққы берді.

Сұлу қаған Навакет қаласында өз қолбасшысы Баға тарханның опасыздығынан қаза болған.

Арабтар Сұлу қағанды «сүзеген», «мүйізді қаған» деп атаған.

Сұлудың әскербасы Күли шор 720-721 жылдары Соғды жеріндегі арабтарды қуып шығып, жеңіске жеткен.

Сұлудың орнына оның баласы Тұқарстан Құтшар қаған болған.

Сары және қара түргештердің арасында талас тартыс 20 жылға созылып, Қағандықтың саяси және экономикалық жағдайы мүлде әлсірейді.

Қытай империясы Куш қаласындағы әскерлерін Жетісуға аттандырып, 748 жылы Суябты жаулап алады.

751 жылы Атлах қаласында көмекке келген араб әскерлерімен қарлұқтар бірлесе отырып, қытай әскерлеріне күйрете соққы берді.

Аман қалған қытайлар Жетісудан біржолата кетуге мәжбүр болды.

Қара түргештердің тарханы Жыпыр 749-753 жылдары қағандықты өз қолына алады.

Тараз қаласынан «Түргеш қағанатының теңгесі» немесе «түріктің көк ханының теңгесі» деген соғды жазуымен жазылған теңгелер табылған.

Бұл теңгелер 704-766 жылдар арасында Таразда соғылған.

В.В. Бартольдтің айтуынша, соғдылардың Түркістан мен Жетісуға қоныс аударуы саудаға байланысты.

VI-VIII ғасырларда соғдылықтар Жетісуға ағыла бастаған.

ХІ ғасырда өмір сүрген ғұлама ғалым Махмұд Қашғари: «Соғдылардың ішінде түрікше сөйлемейтіндері жоқ» деп жазады.

s4. Қарлұқ қағанаты (756-940)

Араб тарихшысы әл-Марвазидің хабарына қарағанда, қарлұқтардың құрамына тоғыз тайпа: үш жікіл, үш бескіл, бұлақ, көкеркін және тухси кірген.

Күлтегін жазуы «Қарлұқтарды қырып, басып алдық» деген хабарды береді.

Қарлұқтардың Жетісуға қарай жылжудағы себебі Ұйғыр қағанатынан жеңілуі еді.

Қағанаттың орталығы Суяб қаласы болды.

Қарлұқтар 766-775 жылдары Қашғарияны жаулап алып, шығыстағы шекарасын кеңейтеді.

Әл-Марвази өзінің еңбегінде: «Қарлұқтар бұрын Тулис тауында тұрды және тоғыз-оғыздарға құл болды. Мұнан кейін олар өздерінің билеушілеріне қарсы көтерілді, түргештердің елін жаулап алды, ал ол жерден мұсылман елдеріне қарай жылжыды» деп жазады.

Қарлұқтар ІХ ғасырдың басында өздерінің шығыстағы жауы Ұйғыр қағанатынан жеңіліс табады. Оларға қарсы күрес 20 жылға жуық уақытқа созылған.

Қарлұқтар қырғыздармен біріге отырып, 840 жылы Ұйғыр қағанатын тас-талқан етіп жеңеді.

840 жылы Испиджаб қаласының билеушісі Білге Күл Қадырхан өзін қаған деп жариялайды.

Қарлұқтардың арабтарға қарсы күресі екі ғасырға жуық мерзімге созылған.

Қарлұқ қағанаты Тараз қаласын өзінің екінші астанасы еткен.

«Худуд әл-алам» анонимінің қолжазбасында: «қарлұқтар тұрған аймақ… халық неғұрлым жиі қоныстанған және ең бай жерлер… оларда қалалар мен отырықшы мекендер көп… Қарлұқтар елінде 25 қала мен қоныс бар. Оларлың ішінде: Құлан, Мирки, Атлах, Балық, Барсхан, Талғар сияқты атақтылары бар» деп хабарлайды.

Әл-Идриси «Қаған қаласының халқы көп, бекінісі мықты, әскері және қару-жарағы мол» деп жазады.

s5. Оғыз мемлекеті ( ІХ ғасырдың соңы – ХІ ғасырдың басы )

Орталығы Сырдария өзенінің бойындағы Янгикент (Жаңа Гузия) қаласы болды.

Жетісуда Қарлұқ қағанаты құрылғаннан кейін оғыздар Сыр бойына ығысқан.

Қытай деректері оғыздардың құрамына байандұр, имур, қайлар кіргенін хабарлайды.

М. Қашғаридің дерегі бойынша, оғыздар алғаш 24 тайпадан тұрса, әл-Марвази олардың 12 тайпасы жөнінде ғана жазады.

Оғыздарда жоғарғы билік иесі жабғу деген лауазымды иемденді.

Жабғудың орнын инал атты мұрагерлер басты.

Иналды жабғудың арнайы тағайындап қойған адамы атабектер тәрбиелеген.

Оғыздарда әскербасы сюбашы деп аталған.

Жабғудың күл-еркіндер деп аталатын кеңесшілері болған.

Оғыздарда халық жиналысы жылына бір рет шақырылған.

Ақсүйек-феодалдардың күшеюіне байланысты шонжарлардың қаңқаш деген кеңесі күнделікті өмірде басты мәнге ие болып, халық жиналысы сирек шақырылатын болған.

Оғыздарда «бой», «оба», «көк» деп аталатын тайпалық және рулық бөлімшелер болған.

Оғыздар ұрықтар мен аймақтарға бөлінген.

«Оғызнама» дерегіне қарағанда, жабғу өзінің жерін 12 аймаққа бөліп басқарған.

Оғыздар Қарлұқ, Қимақ тайпаларымен бірлесе отырып, Еділ мен Жайық өзендерінің аралығындағы печенегтерді жеңіп, өздеріне қаратады.

965 жылы оғыз жабғуы Киев кінәзі Святославпен Хазарларға қарсы әскери одақ құрады.

Хазар қағанаты Қара теңіз, Дон өзенінің бойындағы жақсы жайылымды қаратуға бөгет жасады.

Орыс жылнамаларында 985 жылы кінәз Владимирдің оғыздармен одақтаса отырып, бұлғарларға жорық жасағаны туралы айтылады.

Х ғасырдың аяғы мен ХІ ғасырдың басында Әли ханның кезінде мемлекеттің жағдайы күрт нашарлайды.

Оғыз мемлекеті Әли ханның мұрагері Шахмәлік тұсында біршама уақыт қайта күшейеді.

Шахмәлік 1041 жылы Хорезмді жаулап алады.

ХІ ғасырда мемлекеттілігін құрып, күшейе бастаған қыпшақтар оғыздарды Сырдария, Арал бойынан біржола ығыстырады.

Әл-Бируни оғыздардың күз айларында Хорезм шекарасында, ал кейбір бөліктерінің Ұлытай баурайында көшіп жүргендігін айтады.

Ибн Хаукәл Түркістан аймағындағы оғыздардың ертірі беретін қойларды көп өсіретнін жазған.

Әл-Идриси оғыздар мен қимақтар туралы: «Ондағы шеберлер темрден ғажайып әдемі бұйымдар жасайды» деп жазды.

s6. Қимақ қағанаты (ІХ ғасырдың соңы – ХІ ІХ ғасырдың соңы – ХІ ғасырдың басы)

Орта ғасырдағы парсы тарихшысы Гардизи Қимақ елінің құрамыда жеті тайпа болғандығын жазған. Олардың ішіндегі ең атақтылары қимақтар мен қыпшақтар дейді.

VII ғасырдың басында қимақтар Моңғолияның солтүстік-батысын мекендеген.

766-840 жылдарда қимақтар Батыс Алтайға, Тарбағатай мен Алакөл ойпаты аумағына қоныстанады.

840 жылы Ұйғыр қағанаты ыдырағаннан кейін оның құрамындағы біраз тайпалар: эймур, байандур, татар, ланиқаз, ажларлар және имек, қыпшақ тайпалары қимақ бірлестігіне енеді. Осы жеті тайпа негізінде Қимақ қағанаты қалыптасады.

Қағанаттың орталығы Имақия қаласы болды.

Екінші бір астанасы Алакөл көлінің жағасындағы Карантия қаласы еді.

Қағанатты билеуші адамды «қаған» деп атаған.

Қағаннан екі саты төмен «ябғу» атағы болды.

Жеке тайпа көсемдерін «шадтүтік» деп атаған.

Шонжарларға «ұлы қаған», «кіші қаған» немесе «ябғу шад» деген лауазымдар берілген.

Қимақ қағанатының саяси өмірінде әскери қызметкерлердің беделі күшті еді.

Қимақтардың ІХ ғасырда «тоғыз-ғұздар» жерінің бір бөлігін қол астына қаратқаны айтылса, ал Х ғасыр басында тоғыз-ғұздардың шекаралық қаласы – Шығыс Түркістандағы Жамлекес қаласын басып алғандығы айтылады.

Х ғасырдың екінші жартысында қимақтардың жеріне Қарахан мемлекеті шабуыл жасай бастаған.

Қимақтарда мал шаруашылығы басым болды.

Гардизи былай деп жазады: «… қысқа арнап олар (қимақтар) әрқайсысы өздерінің шама-шарқына қарап қой,жылқы немесе сиыр етін сүрлеп алады».

Х ғасырда қимақ шонжарлары ислам дінін қабылдай бастаған.

s7. Жартылай көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара әсері

Испиджаб қаласы Махмұд Қашғаридің жазуына қарағанда Сайрам деп аталған.

Түріктердің кен қорыту ісімен V ғасырдан таныс екенін авар қағанының түрік қағанына айтқан «сен менің есігімдегі теміршім едің» деген сөзінен анық байқауға болады.

Қазақ жері Шығыс пен Батыс аралығында, саудаға ыңғайлы жерде орналасты. Осындай тиімді жағдайды түріктердің атақты қағаны Иштеми кезінде өз пайдасына шешпек болып, Иран, Византия елдеріне бірнеше елшіліктер жіберіп, келіссөздер жүргізген.

s8. Архитектура және өнер (VIIX)

VII-VIII ғасырлар арасында басталып, бітпей қалған Ақыртас ғимаратының тастан қаланған іргетасы белгілі.

Білеулі ғимараты Қазақстан мен Қарақалпақстан шекарасы арасында орналасқан.

Құдық үстіне салынған құрылысты (күмбезді ескерткіштерді) парсыша «сардоба» деп атайды.

VІІІ ғасырда Қимақ хандығы мен Қарлұқ қағанаты кезінде кең тараған, құрылыс жүйесі киіз үйге ұқсас – Дың ескерткіштері.

Ақбешім, Суяб сияқты қалалардан будда ғибадатханаларының орындары табылған.

Баба ата мешітінің сыртқы көрінісі жартылай сфера тәрізді бес күмбезден тұрады.

Көне түрік жазуында тас мүсіндерді «блбл», орхон жазуында «балбық» деп жазған.Соңғы кезде «кемпіртас» немесе «таскеліншектер» деп аталып жүр.

Балбал тастар Орталық Қазақстанда, Жетісуда өте көп кездеседі.

«Күлтегін» жазуының авторы Йолығ-тегін әкесі Білге қағанға ескерткіш орнатқанда былай деп жазған: «Әкем Қағанға балбық тіктім».

s9. Түріктердің рухани мәдениеті

Көне түрік әліпбиі 35 әріптен тұрады.

Көне руналық жазу – түріктердің төл жазуы.

Қазақстан жерінде көне түрік жазуы б.з.б І мыңжылдықтың ортасында қалыптасқан.

Көне түрік жазуы VII-IX ғасырлар аралығында бүкіл халық иелігіне айнала бастаған.

Жазу өнерінің дамуына байланысты VIII ғасырда түріктердің жазба әдебиеті дүниеге келді.

VII-IX ғасырларда ислам дінінің таралуына байланысты араб жазуының түрік билеушілері арасында тез қабылдануы түрік жазуының өмірде қолданылу аясын тарылтады.

Көне түрік тілінде 200-ден астам жәдігерлер табылған.

Жазба деректердегі мағлұматтарда қимақтар қамыс қаламмен жазған және ІХ-Х ғасырларда қимақтар ежелгі түрік жазуымен жазған.

Түрік жазба әдебиетінің көне ескерткіштері – «Күлтегін» және «Тоныкөк» жазулары.

VIII-IX ғасырларға жататын әдеби шығармалар – «Қорқыт ата» кітабы мен «Оғызнама» дастаны. Бұл шығармалар алғаш VIII ғасырда ауызша айтылып, ел ішінде кең таралса, тек ХІ ғасырдан бастап қағазға түсе бастаған.

«Қорқыт ата» кітабы 12 жырдың қосындысынан тұрады.

Қорқыт ата – Қазақстанда туып өскен адам.

Қызылорда облысы Қармақшы ауданында Қорқыт ата күмбезі орналасқан.

Ертедегі орта ғасыр әдеби ескерткіштерінің бірі – «Оғызнама».Бұл әдеби шығарма VI ғасырда парсы тіліне, ІХ ғасырда араб тіліне аударылған.

Оғызнаманың ескі нұсқасын ХІІІ ғасырда бірінші жазып қалдырған – тарихшы Рашид ад-Дин. Одан кейін оны XVII ғасырда толық жазған – Әбілғазы хан.

Жетісу қазақтарының Ұмай анаға табынғанын Шоқан Уәлиханов жазған.

s10. Қарахан мемлекеті (942-1212)

Қарахан мемлекетінің орталығы Баласағұн қаласы болды.

Қарахан мемлекетінің негізін Білге Күл Қадыр-ханның немересі Сатұқ Боғра-хан (915-955) қалады.

Қарахан мемлекетінің құрылуында басты рөл атқарған – қарлұқ тайпасы.

Негізгі билеушілер яғма тайпасының арасынан шығып отырған.

Хан кеңесшісі қызметін уәзірлері атқарды.

Махмұд Қашғаридің жазуына қарағанда, «көл-еркін», «көл-көсір», ұшан-теңіз ақыл-ой деген мағынаны білдіреді.

Жер иеленудің бір түрі «иқта», ал иеленушілер «иқтадар» деп аталынған.

Дінбасыларға, діни мекемелерге ірі жер иеленушілер, көшпелі әскербасылар өсиет етіп қалдырған жерлер вакфтық жерлер деп аталған.

Қарахан мемлекеті кезіндегі қанаудың бір түрі коммендация деп аталады. Оның мәні мынандай еді: Әлсіз адам өз үлесіндегі жерді күштінің қамқорлығына береді, ол әлсіз адамды қорғауға тиіс.

Мемлекеттің негізін қалаушы Сатұқ Боғра-хан өлген соң, билікті 955 жылы ханның баласы Мұса алады.

Мұса 960 жылы ислам дінін мемлекеттік дін ретінде жариялайды.

Х ғасырдың аяғында Қарахандардың Орта Азияға жорығы қайта басталады.

Насыр ибн Әли 999 жылы Бұхара қаласын басып алады.

Қарахандардың Шығыс хандығы Жетісу аймағы мен Шығыс Түркістан жерін алып жатты.

Орталығы Баласағұн қаласына жақын жатқан Орда (оны Қара Орда немесе Күз Орда) деп атаған, кейін Қашғар қаласы болды.

Батыс хандық Мауараннахрды биледі. Орталығы алғаш Үзкент, кейін Самарқан қаласы болды.

Ибраһим ибн Насыр 1040 жылы тамғаш Бурахан атағын қабылдап, Мауараннахрға толық өз билігін орнатады.

1040 жылы Қарахан мемлекеті дербес екі иелікке бөлінді.

Салжұқ сұлтаны Мәлік шах 1089 жылы Батыс хандықтың орталығы Самарқанды, онан соң Бұқараны басып алды.

Қарақытайлар 1141 жылы Самарқан қаласына жақын жатқан Қатуан даласында болған шайқаста салжұқтар мен қарахан әскерлерін ойсырата жеңеді.

Хорезм шахы Мұхаммед өзіне опасыздық жасағаны үшін Қарахан ханы Оспанды қатаң жазалайды.

1212 жылы Хорезм шахы Мұхаммед Қарахан мемлекетін біржола құлатады.

Қарахандардың Шығыстағы хандығын найман ханы Күшлік басып алады.

Жүсіп Баласағұн түріктерде мал өсірудің басты орын алғандығын айта келіп, олардың жылқы малына ерекше көңіл бөлгендігін жазған.

Махмұд Қашғари соғдылар мен түріктердің әдет-ғұрпы, тілі, киім кию салты бір-біріне өте ұқсас екендігін жазған.

s11. Наймандар. Керейіттер. Жалайырлар

Негізгі мекендеген жерлері – Моңғолияның орта және батыс аудандары.

Х ғасырдан бастап бұл тайпалар Қазақстан өңірін қоныстана бастайды.

Наймандар.

Моңғолша «найман» сегіз дегенді білдіреді.

Найман мемлекетінің аты шыға бастаған кезі – ХІІ ғасырдың екінші жартысы.

Найман мемлекетінің орталығы Орхон өзенінің бойындағы Балықты қаласы болған.

Мемлекет найман ханы Наркеш Дайын кезінде (1160-1203) дами бастайды.

Найман ханының інісі Инанч-білге өзінің қабілеттілігімен көзге түседі.

Наймандар Орхон өзені мен Алтай тауының аралығында өмір сүрген.

Инанч-білгеге халық Білге хан деген атақ береді.

Білге хан дүниеден қайтқаннан кейін оның екі ұлы Бұйрықхан мен Даян хандар арасында билік үшін басталады.

Даян хан далалық өлкеде билік етсе, Бұйрық хан Алтайдың Қара Ертісіндегі Орүнгу маңын мекендейді.

Шыңғысханның күшейіп келе жатқанынан қорыққан қырғыз, меркіт, найман, тағы басқа тайпалар 1201 жылы құрылтайға жиналады.

Шыңғысхан әскері Бұйрық ханды қолға түсіріп, жазалайды.



Страницы: Первая | 1 | 2 | 3 | ... | Вперед → | Последняя | Весь текст