география каз 7- класс 2-тоқсан


7-сынып «География» пәні бойынша

ішкі жиынтық бақылау жұмысының спецификациясы

1.Кіріспе

спецификация 7-сыныптағы «География» пәні бойынша ішкі жиынтық бақылау жұмысын бағалауды сипаттайды.

2.Бағалауға шолу жасау

«География» пәні төмендегі бағалау критерийлерімен бағаланады:

Критерийлер

Дескрипторлар

А

Білу және түсіну

Жекелеген сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасы мақсатына сәйкес келетін нақты фактілерді, ақпараттар және сипаттамаларды білу және жаңғырту. Алынған ақпаратты талдау, қайта жаңғырту, болжау жасау арқылы түсінгендігін көрсете білу

В

Қолдану

Бұрын алған ақпараттар мен білімдерін жаңа немесе таныс емес жағдайларда және контекстерде қолдану, пайдалану. Білгенін, түсінгенін, дағдыларын сабақ барысында қолдану арқылы көрсету

Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін білімдерін қолдануды көрсетудің жолдары: практикалық жұмыс, диаграммалармен жұмыс, кескін картада жұмыс жасай алуы, есептер шығару, жобалар, мәселені шешу және жаңа нәтижелер ойлап табу болып табылады

С

Сыни ойлау және зерттеу

Білім көзінен алған ақпараттарды талдау, синтездеу, бағалау арқылы пікірлер қалыптастыру. Жекелегенсыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар мен нәтижелерді жинақтай алу және оларды талдай алу қабілеттілігін көрсету. Ұсынылған болжамдарды дұрыс ақпараттар жинақтау және деректерді пайдалану арқылы зерттеп , бағалап, өз бетімен қорытынды жасау. Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін жасалған қорытынды жайында ой қозғау қабілеттілігін көрсету.

D

Коммуникация және рефлексия

Әр сыныптар мен пәндер көлемінде оқу бағдарламасының мақсатына сәйкес келетін ақпараттар, фактылар мен ойларын, пікірлерін ауызша және жазбаша ұсыну. Басқа адамдар ұсынған ақпаратты тыңдап және сәйкесінше жауап қайтара алу қабілеттілігін көрсету. Басқа адамдардың көзқарасын қабылдай отырып, өз көзқарасын түсіндіру арқылы ортақ ойға келу. Айтылған ойларды, пікірлерді , оқиғаларды ой елегінен өткізу арқылы шешім қабылдау немесе ой толғаныс нәтижесінде іс-әрекет жасау.

Күтілетін нәтижелер. 2-тоқсан. 2013-2014 оқу жылы

Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқыту мақсаттары

Білу және түсіну

Гидросфера

Дүние жүзілік мұхит суының негізгі бөліктерін анықтай алады.

Мұхит суының қозғалыс түрлерін атай және олардың себептерін түсіндіре алады

Дүниежүзілік мұхиттардың географиялық орны және көлемін біледі

Су температурасының ендік пен тереңдікке байланысты өзгеру себептерін түсінеді.

Мұхит суларының тұздылығына әсер ететін факторларды біледі.

Білу және түсіну

Биосфера

Табиғи аймақтарды сипаттау және салыстырады

Жоғары биіктік зоналарының сипаттамасын біледі

Қолдану

Гидросфера

Дүниежүзілік мұхиттардың салыстырмалы көлемі мен дүниежүзілік мұхиттардың құрлыққа қатынасына шеңберлі диаграмма жасай алады.

Картадан мұхит пен теңіздердің тереңдіктерін анықтай алады.

Картаны пайдаланып, мұхиттар, теңіздер және ағыстарды сипаттай алады.

Жылы және суық ағыстар арасындағы ерекшеліктерін және мысалдарды түсінеді. Мұхит ағыстарының материкке тигізетін әсерін түсінеді.



Судың тұздылығын есептей алады.

Толқындардың құрылысын көрсететін сызба (диаграмма) сала алады .

Қолдану

Биосфера

Жағрафиялық мембрананың басты заңдары мен ерекшеліктерін түсіндіреді (экожүйенің жағрафиялық ортасы)

Сын тұрғысынан ойлау және зерттеу

Гидросфера

Ластану және мұхит суының ластану себептерін түсінеді.

Ластану себептері және мұхит суын қорғау жолдарын зерттей алады

Биосфера

Биіктік зоналардың сызбасын жасап, талдайды.

Фотосуреттерден жағрафиялық мембрананың (экожүйенің жағрафиялық ортасы) ерекшеліктерін анықтай алады;

4. Коммуникативтық дағдылар және рефлексия Гидросфера

Судың толысу энергиясын қолдану мүмкіндігін жеке елдер бойынша сипаттап, дәлелдей алады, тұжырым жасайды

7 сынып географиясы бойынша 2— тоқсандағы оқу бағдарламасы материалдарының бөлінуі

Бөлімдер

Тақырыптар

Гидросфера

1. Дүние жүзілік мұхит суы және оның бөліктері. Ұлы саяхатшылар (мұхиттар мен материктердің

зерттелулері)

2. Мұхит суының тұздылығы, температурасы, қозғалысы

3. Ағыстар, пайда болуы, түрлері. Ішкі сулар, түрлері, маңызы

4. Су ресурстарының адам өміріндегі маңызы және қорғау

5. Тарау бойынша қайталау

Биосфера

1. Биосфера- тіршілік қабаты. Тіршіліктің жер бетінде таралуының негізгі заңдылықтары

2. Табиғат зоналары.

3. Биіктік белдеулері.

4. Мұхиттағы тіршілік

5.Мазмұнын сипаттау

7-сынып, 2-тоқсан

Бақылау жұмысы ұзақтағы: 80 минут

Барлық баллдар жиынтығы: 46 балл (100 %)

Формативті жұмыс – 18 балл (30 %)

Суммативті жұмыс – 28 балл (70 %)

Қосымша рұхсат етіледі: 7-сынып географиялық атлас, қазақша-орысша сөздік (орыс сыныптары үшін)

Критерийлері

Балл саны

Оқыту мақсаттары

Тапсырма сипаты

A

8

ОМ 1. Дүниежүзілік мұхиттардың орналасуын, бөліктерін, тұздылықтарын, температура айырмаларын, тереңдіктерін, қозғалысын білу

Тест тапсырмалары: (Көп жауап нұсқаларынан таңдау жасау)

Графикалық тест (сызбалармен жұмыс)

ОМ 2. Ендік және биіктік табиғат зоналарын профильде ажырата алу және сипаттамасы арқылы таба білу

B

7

ОМ 3. Кескін карталарда мұхиттардың тереңдіктерін көрсете алу, толқын құрылымын көрсететін кескін сыза алуы

Графикалық тест (картамен, кескін картамен, сызбалармен жұмыс)

ОМ 4. Экожүйенің (биогеоценоз) географиялық орнын салыстыру арқылы ажырата алуы

C

8

ОМ 5. Мұхит суының ластану түрлерін берілген сызба бойынша сипаттай алуы

Қысқаша жазба жұмысы

ОМ 6. Таулардың биіктігіне байланысты биіктік зоналарының ауысу заңдылығын түсіндіре алуы

D

5

ОМ 7. Судың толысуы қалай болатынын, оны шаруашылықтың қандай саласында қолдануға болатындығына жеке елдерді мысалға ала отырып сипаттама жасау

Толық келтірілген дәлелдемелер арқылы жазылған жазба жұмысы